Back
| DalaNews

Облысқа еңбегі сіңген азаматтар төс белгімен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІХ Сессиясына онлайн форматта Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев пен облыстағы Ассамблея мүшелері қатысты. Бүгінгі таңда қоғамда Ассамблеяның атқарар рөлінің маңыздылығын айтқан облыс басшысы өңірдегі ұлтаралық ахуалдың тұрақты болуына елеулі үлестерін қосқан азаматтарды «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтеме жасап.

«Ассамблея – еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған жұмыстарын жалғастыру қажет. Аталған міндеттерді орындау жолында ел бірлігін сақтай отырып, рухани жаңғырған бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруға үлес қосу – бәріміздің қастерлі парызымыз. Баршаңызды алда келе жатқан 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер», – деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

«Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен Түркістан облыстық иран этномәдени бірлестігінің төрағасы Нурсбек Капар-Пур, Түркістан облыстық «Ахысқа» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Сарманбай Сафаров және Түркістан облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Юлдаш Сұлтанов марапаттады.

Тағы оқыңыз:

Түркістанда тарихи ескерткіштерді дәріптетін фотокөрме өтті