Семейдің қоқысын жинауға жауапты кәсіпкер «хайп» қуып жүр

Dalanews 28 сәу. 2021 10:42 283

Семейде қалдықтарды бөлек жинау жобасы төңірегіндегі жанжал күшейіп келедіү Бұл жолы кәсіпкер Рафаил Хазипов тағы бір рет баспасөз өкілдері алдына шығып, атқарушы билік жобаны жүзеге асыруда түрлі кедергілер келтіруде деп айыптады.  

Былтырғы жылғы қаңтарда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Семей қаласының әкімшілігі және «Оператор РОП» ЖШС арасында Семейдің қатты тұрмыстық қалдықтарын бөлек жинау және сұрыптауды енгізу туралы жобаны іске асыру бойынша жол картасына қол қойылды.

Жол картасы шеңберінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау үшін жабдықтарды және техникаларды пайдалану бойынша жауапты ұйымды анықтауға шешім қабылданған. Осыдан кейін Семей қаласы әкімінің өкімімен қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау үшін жауапты ұйымды анықтау бойынша комиссия құрылды. Комиссия құрамына ТКШ, жолаушыларды тасымалдау және автомобиль жолдары бөлімінің, Қоғамдық кеңес, экономика, жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы бөлімдерінің өкілдері, Семей қалалық мәслихатының депутаттары кірді.

Мәслихат депутаты және жеке кәсіпкер, Семейдегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының иесі Рафаил Хазипов тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жауапты ұйымға талпынған тұлғаларға қойылатын талаптарды жария еткенін айтып арыз білдірген болатын.

Кәсіпкермен комиссияға сұраным, техникалық деректер және өзгеде құжаттарды өткізілген. Осы комиссия отырысының хаттамасына сәйкес, Семей қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу үшін жабдықтарды және техникаларды пайдалану бойынша жауапты ұйым ретінде «Хазипов Р.С.» жеке кәсіпкерлігі анықталғаны туралы шешім қабылданды.

Осыдан кейін Жол картасын іске асыру басталды. Сол Жол картасына қатысушылар арасында өзара міндеттемелерді және қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптауды енгізу мақсатында кепілдіктерді анықтай отырып үш жақты келісім жасалған, ал Семей қаласының әкімдігі жауапты ұйыммен бірге алынған жабдықтардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету керек. Семей әкімдігі және «Хазипов Р.С.» ЖК арасында қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау және сұрыптау сұрақтары бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Оператор РОП» ЖШС жобаны іске асыруға белсенді кіріскен еді. Ағымдағы жылдың басында қоқыстарды бөлек жинау үшін тұрғын үйлердің аулаларында, тұрғындар жаппай жиналатын жерлерде орнатылатын 1050 сеткалы, 532 қоңырау тәрізді контейнерлер сатып алынып ТКШ бөліміне қойылған. Наурыз айында қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін алты бірліктегі қымбат автокөлік техникалары берілген. Жақын арада қатты тұрмыстық қалдықтардан басқа сұрыптау желісіне қарағанда анағұрлым үлкен қатынаста пайдалы компоненттер алуға мүмкіндік беретін толық автоматтандырылған сұрыптау желісі бар жабдықты жеткізу үшін грек компаниясымен келісімшарт жасалды.

Кәсіпкер жобаны техниканы алғаннан кейін бірден жүзеге асыруға ниетті екенін, бірақ қалалық әкімдік бұған барлық жолмен тосқауыл қоюда, техникаларды беруден бас тартқанын мәлімдеді. Сондай-ақ, қаладағы қоқыс коллапсының пайда болу қаупі туралы және қоқыс шығару тарифінің күрт өсуі туралы айтты.

Рафаил Хазиповтың айтуынша, «МЭН Келешек» МКК қойылған талаптарға сәйкес келмейді, штатында тек жалғыз директоры бар. Осымен қатар, ҚР Кәсіпкерлер кодексінің 192-бабына сәйкес мемлекеттік кәсіпорындар өз қызметтерін кеңейту кезінде антимонополиялық органнан келісім алуы қажет. Антимонополиялық органның 2020 жылғы хатына сәйкес «МЭН Келешек» МКК тек қатты тұрмыстық қалдықтарды көму бойынша қызметті жүзеге асыруға, полигонды құруға және пайдалануға келісім берілген. Яғни, Р.С.Хазиповтың айтуынша, «МЭН Келешек» МКК қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау бойынша қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ, алайда Семей қалалық әкімдігі заңнаманы өрескел бұзуда.

Сол күні кәсіпкердің кеңсесінде тек журналистер ғана емес, Семей әкімі бастаған қала басшыларының өкілдері жиналды. Қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов жауапты ұйымның «МЭН Келешек» МКК ауысқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

– Алты күн бұрын Хазипов мырза, расында, осы сұрақ бойынша хабарласты. Қазір Семей қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарын басқару жүйесін модернизациялау жөніндегі жоба қарастырылуда. Өкінішке орай, бірінші кезеңде Мақсат Нигметов келісімге қол қоймады. Сұрақ әлі қарастырылуда. Жоба бойынша жұмыс жүргізілуде. Барлығы «МЭН Келешек» МКК-ға беріледі деп ешкім айтқан емес. Бұл ақпарат шынайылыққа жанаспайды, расында «Келешек» бүгінгі күні бұл сұрақтармен айналыса алмайды. Тағыда қайталаймын, сұрақ әлі қарастырылуда. Неліктен Хазипов мырза біз жобаны іске асыруды «Келешек» немесе басқа да бір кәсіпкерлікке беру туралы шешім қабылдадық деп айтады? Бұл шындыққа жанаспайды, – деп қорытындылады қала әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Сонымен қатар, кәсіпкер кездесуге қатысушыларды тыңдағысы келмеді. Мұндай шаралар Семейде бірнеше рет болды және әр жолы кәсіпкер журналистердің көмегіне жүгініп, қажетсіз хаип жасай бастаған. Ешкімге құпия емес, «қоқыс» табысты бизнес. Жобаны іске асыруға ақылға қонымды тәсілмен кіріссе кәсіпкерлер ғана емес, қала тұрғындары да ұтады. Осы арада семейліктер қоқыстың уақыты шығарылмауына шағымдануда.

Қалай болса да кездесу еш нәтиже бермеді. Қазіргі жағдай қалада қоқыстың коллапсына әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұны уақыт көрсетеді. Жақын арада қоқыс шығару тарифі жеке тұлғалар үшін 1500 теңгеге және кәсіпкерлер үшін 21000 теңгеге көтеріледі деп қала тұрғындарын көндіруге бағытталған кәсіпкерлердің барлық әрекеттері сәтсіз болды. Қалалық әкімдік өкілдері тариф сомасы кісі басына 460 теңгені құрайды деп, ал барлық шығын субсидий есебінен жабылады сендірді.

Рафаил Хазиповқа жобаның жалпы сомасы тек техникалық-экономикалық негіздеуден кейін белгілі болатынын еске салды. Тұрғындарға арналған тариф мөлшері қол жетімсіз деп жариялауға ерте.

БАҚ өкілдерінің бірде-бір сұрағына кәсіпкер түсінікті жауап бере алмады. Баспасөз мәслихаты бас санитарлық дәрігерінің жарлығына қайшы шағын, жабдықталмаған орынжайда өтті.

Н.Жұмақанов

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x