Екпе салдырған Атырау облысы әкімі халықтың жексенбі күнге қарамай вакцина алып жатқанын айтты

Dalanews 26 сәу. 2021 09:18 223

Жексенбі күні Атырау облысы әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Геолог емханасына» барып, коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz облыс әкімінің Фейсбуктағы парақшасына сілтеме жасап.

Өңір басшысы бірінші кезекте дәрігерлердің тіркеуінен өтіп, дене қызуы мен қан қысымын өлшеп толық медициналық тексерткен. Содан кейін Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдыртты.

– Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар  бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді, – деді облыс басшысы. 


Сонымен қатар Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желідегі жазбасында жексенбі күнге қарамастан көптеген Атырау қаласының тұрғындары емханаға келіп, вакцина алып жатқанын көргенін жазыпты. Дәрігерлер де халықтың жас-кәрі демей вакцина алуға деген белсенді түрде алып жатқанын айтыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x