Түркістанда полициясы заңсыз қару сатып алу акциясын бастады

Dalanews 20 сәу. 2021 07:49 258

Сәуірдің 20-сынан бастап халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша жыл сайынғы акция басталады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында өткізілген брифинг барысында мәлім болды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Алмас Тастанбеков облыс тұрғындарында бар заңсыз қаруларды ақшалай сыйақыға өткізуге мүмкіндік барын түсіндірді.

– Әкімшілік полиция қызметкерлерімен жыл басынан бері 3 рет «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның соңғысы 5-8 сәуір аралығында ұйымдастырылып, 4 тәулікте облыста 18 аңшы қаруы тәркіленді. Сондай-ақ 3200-ден астам қару иелері тексеріліп, 160 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Дер кезінде анықталған құқықбұзушылықтарға сәйкес хаттамалар толтырылды. Ал сәуірдің 20-сы күнінен бастап, облысымызда халықтан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу туралы арнайы акция өткізілмек. Мемлекет тарапынан осы үшін біздің облысқа  тиісті қаржы бөлініп отыр. Сондықтан, жергілікті тұрғындар қолдарыңызда еш жерде тіркелмеген қару түрі болса, бізге өткізіп, сыйақыға ие болсаңыз болады, – деді Полиция полковнигі өз сөзінде.

Қолжетімді полиция қағидатын қалыптастыру үшін, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да ұйымдастырылып тұратын болады. Айта кетейік, департамент тікелей эфир арқылы әр аптаның жұма күні жиын өткізеді. Онда ПД-нің әрбір салалық құрылым басшылары тікелей эфирге шығып, өздерінің басқарма, бөлім қызметкерлерімен атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын ашық, әрі нақты айтып өтуде.

Қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсырғаны үшін қарудың әр бірлігіне оның техникалық жай-күйіне байланысты комиссия шешіміне сәйкес сомасы оннан жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш төлем көзделген. Сыйақы төлемі қару-жарақ заттарын тапсырған адамдардың шотына аудару арқылы жүзеге асырылатын болады.

Ерікті түрде тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершікке тартылудан босатылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x