Back
| DalaNews

Қазығұртта депутат 13 жыл үйін заңдастыра алмаған әйелдің мәселесін шешіп берді

Қазір құжат мәселесін заңдастыра алмай, бюрократиялық кедергілерге ұшырап жүрген адам көп. Түрлі құзырлы органдардан тауы шағылған сол тұрғындардың біразы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп, мұңын айтады. Солардың бірі – Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылының тұрғыны – Шолпан Арапова, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жуырда «Nur Otan» партиясының Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде кезекті қабылдау өтті. Қазығұрт аудандық мәслихатының депутаты, фракция мүшесі Нұран Марат тұрғындардың өтініштері мен арыз-шағымдарын тыңдады. Солардың арасында Ш.Арапова да бар еді. Ол  2000 жылы сатып алынған үйінің құжаттарын 2008 жылдан бері заңдастыра алмаған.  Жүгінген мекемелерінен дұрыс жауап ала алмай, әуре-сарсаңға түскен. Сонымен қатар үйдің арестке қойылғандығы да қоғамдық қабылдау күні анықталды.

Нәтижесінде депутаттың өз құзыреті шеңберінде жауапты мекемелермен байланыса отырып,  істі бақылауға алуы арқылы «Nur Otan»  партиясын арқа сүйеп келген ананың шағымы оң шешілді.  Уайым болған үйінің құжаттары заңдастырылып берілді. Ардақты ана «Nur Otan»  партиясының аудандық филиалына арнайы келіп, партияға және депутатқа алғысын айтты.

Тағы оқыңыз:

Депутат Түркістан облысында ауылдарға газ беріліп, мал бордақылайтын алаңдар іске қосылғанын айтты