Back
| DalaNews

Бәйдібек ауданында Nur Otan-ға түскен өтініштер 4 есеге артқан

«Халыққа көмек» жобасы аясында Бәйдібек ауданында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, облыстық басқарма басшылары мен орынбасарлары және облыстық мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындардың өтініштері мен тілектерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауда 14 тұрғынның өтініші тыңдалды. Олардың басым бөлігі газбен қамту, денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандарды жөндеу, жол, тұрғын үй және өзге де мәселелер бойынша арызданды. Қошқарата ауылының тұрғыны Сәрсенбек Кәдірқұлұлы «Қошқарата – Бірлік» тас жолының 6,5 шақырымына асфальт төселсе» деген өтінішін жеткізді. Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары Мақсат Мырзабаев бұл мәселе бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, комиссия қарауына ұсынылатынын, оң шешім қабылданса, сметалық жобасы жасалатынын айтты.

Шаян ауылының тұрғыны Шекербек Ильясовтың ортақ жайылым жер аумағы кеңейтілсе деген өтінішін аудан әкімі Ержігіт Шәріпбек тікелей бақылауға алып, бұл түйткіл шешілетін болды.

Жұманәлі Тұрсынбеков деген тұрғын Мыңбұлақ ауылдық округіне жүргізілген табиғи газ жүйесін еретерек пайдалануға беру жөніндегі ел талабын жеткізді. Аудан әкімі ол ауылға газ биыл берілетінін мәлімдеді. Бұл мәселе партия бақылауына алынды.

Көшпелі қоғамдық қабылдауда аудандағы индустриалды аймақтың жай-күйі, 16 пәтерлі 7 тұрғын үйдің инженерлік жұмыстарын жүргізу, Боралдай ауылдық округіндегі скважиналарды іске қосу, мәдениет үйін салу, Ағыбет елді мекеніндегі амбулотория мәселесін шешу бағытында өткір сұрақтар қойылып, өтініштер қабылданды. Бұл түйткілдердің бәрі бір күнде шешілетін дүниелер емес. Оның басым бөлігі зерделеніп, бюджетке ұсынылады.

Сондықтан ол жергілікті әкімдіктің жоспарында және партия филиалының бақылауында болады. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев әрбір өтініш хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыс жүргізілетінін айтты. Облыстық мәслихат депутаттары – Ғабиден Қапалбаев пен Ерлан Нұрмаханов және «Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков аталған мәселелер бойынша депутаттық сауалдар әзірлеп, істі бақылауға алады.

Бүгінде Елбасының партияны қайта жаңғырту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, арыз-шағымдармен жұмыс жүргізу күшейе түсті. 2020 жылы партияның Бәйдібек аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 856 адам жүгінген, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (219) 4 есеге артық.  Нәтижесінде 599 өтініш (70%)  оңтайлы шешіліп, 257 өтінішке заң аясында кеңестер берілген.  2021 жылы қаңтар-наурыз айлары бойынша 66 өтініш келіп түскен. Оның 20-сы  (30,3%)  оңтайлы шешіліп, 45 өтінішке заң аясында кеңестер берілген, 1 өтініш қаралу барысында.

Тағы оқыңыз:

«Nur Otan» партиясы Түркістанның тазалығына жауапты көпбалалы аналарға құрмет көрсетті