Кербұлақ ауданыңда Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында игі іс-шаралар бастау алды

Dalanews 20 нау. 2021 09:57 276

Аудандағы жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсетілді.  Көпбалалы 8 ана мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталды.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Халқымызды біріктіретін ортақ құндылықтарды барынша дәріптеп, ой-санаға берік орнықтыруымыз керек. Мысалы, Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасын жасап, көктем мерекесінің мазмұнын байыта түскен жөн. Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады”, - деп атап өткен болатын «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында. Биылғы Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өту онлайн формат түріндегі
іс-шаралар бағытында 10 күн бойы мерекелеу деген үндеуі де баршамызға белгілі.

Осыған байланысты  ауданының  жастар  ресурстық  орталығының  мамандары  қазақтың  ұлттық  киімдерін  жұмыс  орнында  киіп  жүру  арқылы  ата салт-дәстүрімізбен қазақы  болмысымызды  дәріптеуге  қолдау  көрсетуге  ықпал етіп,  аудандағы барлық  бөлімдердің  мамандарын, басшыларын  қолдауға  шақырып, челлендж ұйымдастырды.



Кербұлақ аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Тажибаев Ерлан: ''Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және  Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясында  ұлттық киімді дәріптеу мен  ұлықтау мақсатында  челленджімізді   бастадық,  әрі бұл игі бастаманы қолдайды деп сенеміз! Азаматқа айбат, қызға көрік беретін ұлттық киімдерді  барша халық кисе, жарасып-ақ кетер еді. Біз өз ұлттық киімімізді өзіміз дәріптеу арқылы салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды,  рухани құндылықтарымызды  әрқашан ұлықтап жүрейік. Наурыз құтты болсын!'', - деді.



Сонымен қатар, Кербұлақ  аудандық  жастар  ресурстық  орталығының  бастауымен  Сарыөзек орта  мектебінің  қолдауымен  Ұлыстың  ұлы күні 
22 наурыз  мерекесіне  орай  Сарыөзек орта мектебінің оқушылары  арасында «БАУЫРСАҚ PARTY» жарысы ұйымдастырылды. Аталған  жарысқа 10 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болған жастар Алғыс хатпен, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Осындай жарыстарды жастар  арасында  өткізудің  басты  мақсаты  ата дәстүрімізді жаңғыртып, салт-дәстүріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, жастарымызға  қазақтың  ұлттық  құндылықтарын қадірлеуге және  жастарды  ата салт-дәстүрімізді  ұлықтауға  шақыру  болып табылады.



Игі іс-шара жас күреңбелдіктердің кәмелет жасқа толып, аудын әкімінің қолынан жеке куәліктерін алумен жалғасын тапты. Тәуелсіздіктің
30 жылдығына орай, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы қарсаңында аудан әкімі Ғалиасқар Сарыбаев күреңбелдік жас жеткіншектерге  өмірлеріндегі алғашқы құжат, жеке куәліктерін тапсырды. Жастарды құттықтай отырып, аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы: ''Сіздерді осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын. Алда сіздерде үлкен және қызықты өмір бар. Қай жолды таңдасаңыз да, ең бастысы, сіз әрқашан өз Отаныңыздың патриоты болып қала беріңіздер'', - деді. Жас жеткіншектер: ''Қазақстан азаматының жеке куәлігін ала отырып, біз президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев, халқымыз бастаған ұлы істі сенімділікпен, табандылықпен жалғастырамыз'', - деді. Сонымен қатар, 19 наурыз күні  Қызылжар ауылындағы  Ж. Жапаров атындағы орта мектебінде жерлесіміз, Қызылжар ауылының тумасы   Бейсен Құранбек  музейі және сыныбы ашылды.

 



Сондай-ақ, Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай аудан əкімі Ғалиасқар Төлендіұлының бастауымен ерікті жастардың жəне Шанханай ауылдық округ əкімдігі мамандарының қатысуымен Шанханай ауылына қарасты ауданымыздың киелі, қастерлі, табиғаттың ерекше құблысының бірі Шиірбай бастау – бұлақ көздерін ашып айналасына көктемгі тазалық жұмыстарын жүргізу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында аудан басшылығы бастаған топ жəне ерікті жастар ұлттық салт-дəстүрімізді сақтап,  ұлттық киімдерімізбен, ұлттық тағамдарымызбен жəне ақсақалдарымыздың ақ батасымен іс-шараны өткізді.



Наурыз мерекесіне орай ауданымыздың 8 көпбалалы аналары да марапатталды.

Халқымыз қашанда отбасылық құндылықтарды жоғары қоятыны белгілі. Әсіресе ұрпақ өсіріп оны тәрбиелеуде алтын құрсақты аналардың алар орны айрықша. Сондай құрмет Шұбар, Сарыбұлақ, Қоғалы, Сарыөзек, Жайнақ, Талдыбұлақ ауылдық округтерінің аналарына бұйырды.
Ұрпағының санын арттырып, ел демографиясына үлес қосқан ақ жаулықты аналарды Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев марапаттады.

«Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер», - деді құттықтау сөзінде аудан әкімі.



Көпбалалы ана, Сарыөзек ауданының тұрғыны, 5 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырған Жанбырбаева Ляйля мемлекет тарапынан ана мен балаға жасалып отырған қамқорлыққа алғысын айтты: «Мен сияқты көпбалалы ана үшін бұл марапатқа ие болу үлкен мәртебе, мемлекетіміз батыр аналарға ерекше көңіл бөлгеніне қуаныштымын. Жұбайым екеуміз 1 жас пен 21 жас аралығындағы 6 баланы тәрбиелеп отырмыз, отбасымыз өте жақсы, керемет балаларымыз бар», - дейді күміс алқа иегері Жанбырбаева Ляйля.

«Алтын алқа» Жайсанова Дариға, Бейсенова Нұрлаимға табыс етілсе, «Күміс алқамен» көп балалы аналар Жанбырбаева Ляйля, Ольшанникова Ольга, Искакова Гүлбағиза, Кушикова Гаухар және Титова Наталья марапатталды.

Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданында 476 «Алтын алқа», 550 «Күміс алқа» иегерлері, 915 көпбалалы ана тұрады. Олардың ішінде 409 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады.

Айта кетейік, 22 Наурыз күні дүниеге келген сәбилерге аудан әкімі Ғалиасқар Төлендіұлы арнайы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» деген жазумен тігілген көрпешлерді сыйға тартпақ.

Раушан БИСЕМБЕКОВА,
Кербұлақ ауданы әкімінің баспасөз-хатшысы


 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x