Back
| DalaNews

Нұр-Сұлтанда «Самғау» аула клубы ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ бірлесіп, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға арналған жаңадан «Самғау» аула клубын ашты, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, Наурыз мейрамы және Шымырлық пен шеберлік күніне орай ұйымдастырылып отыр. Клубта тоғызқұмалақ, каратэ, қазақша күрес, дзюдо және шахмат секілді спорт секциялары бар.

Салтанатты жиынға «Байқоңыр» ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы Қайрат Қамбаров және елорданың қоғам қайраткері Тәукен Кеңесбекұлы қатысты.

Жаңадан ашылған аула клубы Жолымбет, 43/ Алаш тасжолы, 15/2 мекен-жайында орналасқан.

Тағы оқыңыз:

Елордада бокс пен көркем гимнастика орталықтары ашылды