Back
| DalaNews

Елордада бокс пен көркем гимнастика орталықтары ашылды

Наурыз мерекесінің қарасаңында Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет бокс орталығы, көркем гимнастика орталығы және жекпе-жек залы ашылды, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорт орталықтарының ашылу рәсіміне қала әкімінің орынбасары Бақтияр Макен, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Ерғалиев және қала маслихатының депутаттары қатысты.

Қалалық әкімдік пен ҚР Бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің қолдауымен елордада тұңғыш рет ашылған бокс орталығында бір уақытта 500-ден аса адам спортпен шұғылдана алады. Сондай-ақ «Астана-Арена» спорт кешенің жанынан ашылған орталық заманауи құралдармен жабдықталып, жүгіру жолы да төселген.

 

| DalaNews

– Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен және бүгінгі спорт орталықтарының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Қаламызда спорт орталықтарының көптеп ашылуы тұрғындарының спортпен айналысуына жағдай жасап, балалар мен жасөспірімдердің, сондай-ақ қала құрамасының халықаралық бәсекелерде жоғары деңгейде өнер көрсетуіне септігін тигізеді, – деп Бақтияр Макен өз сөзінде атап өтті.

Көркем гимнастикадан жаттығу «Думан» қонақүйінде, «Аспан» спорт кешенінде және Назарбаев университетінде жүргізіледі, сол сияқты «Тәуелсіздік» сарайында тағы бір көркем гимнастика орталығы ашылды.

– Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл жерге 9 кілем сияды. Осылайша бір уақытта 100 спортшы спортпен айналыса алады. Барша жаттықтырушылардың атынан шынайы алғысымды білдіремін. Бізге жасалып жатқан мүмкіндіктердің арқасында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, байрақты бәсекелерде елордамыздың және еліміздің атын шығаруға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді көркем гимнастикадан №1 БЖМОРСМ-нің аға жаттықтырушысы Меруерт Балғынбаева.

Жирентаев көшесі 6/1 мекен жайында ашылған жекпе-жек залының жалпы ауданы 650 шаршы метрді құрайды. Аталған залда олимпиадалық емес 8 спорт түрі қамтылған. Олардың ішінде: панкратион, джиу-джитсу, грэпплинг, самбо, киокушинкай-кан каратэ, шинкиокушинкай каратэ, кикбоксинг және қазақ күресі секілді спорт түрлері бар.

Жаңадан ашылған жаттығу залының тәрбиеленушілері де қуаныштарын жеткізді.

– Каратэге катысып жургеніме 6 жыл болды. Алты жыл ішінде бұл спорттан өте жақсы тәрбие, үлкен тәжірбие алдым. Бүгін жаңадан зал ашылды. Бұл зал жаттығу жасауға қолайлы, үлкен, жарық екен. Өте қуаныштымыз, – деді 11 жасар Дәулет Түзелхан.

| DalaNewsНұр-Сұлтан қаласы құрамасы және спорт мектептерінің спортшылары үшін аталған орталықтарда жаттығу бәріне бірдей тегін жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, спорт мектептеріне қабылдау әр жылдың қыркүйек-қазан айларында жүргізіледі. Арнайы іріктеуден өткен балалар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігіне қарасты спорт мектептерінде спортпен тегін шұғылдана алады.

Тағы оқыңыз:

Елордада құрылысы 7 жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді