Алматы облысында көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілді

Dalanews 18 нау. 2021 16:02 253

Наурыз айы, мейірімділік пен қамқорлық айы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз мейрамының 10 күндігін белгілеп берген еді. Соның ішінде  18 наурыз – «Игі істер күні» деп жарияланған болатын.

Бұл күнде, текті қазақтың қанына сіңген қайырымдылық пен жақсылық жасалып, қоғамның әлеуметтік осал топтарына барынша көмек көрсетіледі.

Аталған шарапаты мол бастамадан, жетісулықтарда қалыс қалмады. Қайырымды істі бұл жолы Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Dalanews.kz. Олар, көп балалы 6 отбасына азық-түлік пен қатты отын жағынан көмек қолын созды. Солардың бірі, 4 балалы Назира Нұрғалиева.

– Ұйымдастырушыларға өз алғысымды білдіремін. Бұл әлемде мейірімді адамдар жетерлік. Бізге қажетті заттарды алып келді. Отбасымыз үлкен болғандықтан, бізге үлкен көмек болды, – дейді Назира Нұрғалиева.


Алматы облыстық жауынгерлік өнер ассоциациясының басшысы Айдос Искаковтың айтуынша, олар мұнымен тоқтап қалмақ емес. Тұрақты түрде мұқтаж азаматтарға қол ұшын созбақ.

Ертең Алматы облысы жауынгерлік өнер қауымдастығының өкілдері тағы бір акция өткізуді жоспарлап отыр. Бірақ бұл жолы облыс орталығының экологиялық жағдайын қолдау бойынша. Талдықорғандағы спорт нысандарының аумағында шырша мен қарағай отырғызылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x