Back
| DalaNews

Талдықорғанда Наурыз мейрамын қалай тойланады?

Ұлыстың ұлы күні осы жылы ерекше аталып өтпек. Алматы облысында қастерлі мерекені ұлықтау 10 күндік іс-шараларға жоспарланған. Мейрамның мағынасын ашатын «Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»  мемлекеттік мекемесімен арнайы бейнеролик түсірді. Қазіргі таңда облыс орталығындағы  Назарбаев және  Біржан сал көшелерінің қиылысындағы үлкен лед экраннан әр 7 минут сайын қайталанып берілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 күндік шара аясында қала аумағындағы ауылдық округтерде, еріктілердің қатысуымен ескерткіштер маңында тазалық жұмыстары жүргізіліп, асық, тоғызқұмалақ, дойбы, хан дойбы түрлерінен және қалалық спорт мектептерінде жасөспірімдер арасында қазақша күрестен қалалық турнир ұйымдастырылады.

– Наурыз мейрамын мерекелеу барысында, ұрпақтың зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған кешенді істер атқарылады. Нақтыласақ, қала мектептерінде ежелгі әдет-ғұрыптарды жаңғырту саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары, эссе жазу, дискуссиялық ток-шоу және ақындар мен жазушылардың шығармаларының тұсаукесері кітапханалар мен білім беру мекемелерінде өткізіледі, – дейді Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы  Әділ Алинов.

Күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың бастауы болған 22 наурызда,

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы телеарналарда сағат 12.00-де  мерекелік құттықтаумен халық алдына шығатын болады.

Дәл осы күні, бұлақ көзін ашу және қала бойынша үш жерде тал егу жұмыстары жүргізіледі.

Меркелік көңіл-күй, пандемиялық ахуалға байланысты онлайн түрде, әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда «Талдықорған әуендері» ХФЭА –ның думанды кеші арқылы   беріледі.

Меруерт АҚБАРОВА

Тағы оқыңыз:

Алакөл ауданынада қоғамдық жұмыскерлерге құрмет көрсетілді