Бастамашыл топ жаңа мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атауды ұсынды

Dalanews 17 нау. 2021 14:10 177

Семей қалалық мәслихатында еліміздің атақты спортшылары мен еңбек сіңірген қайраткерлерінен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, ардагерлерден, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінен, еріктілер қозғалысының белсенділерінен, жастардан, сондай-ақ ірі кәсіпорындар мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының жетекшілерінен құралған бастамашыл топтың хаты қаралды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Хатта Қарағайлы жаңа тұрғын ауданындағы атаусыз көшені Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп атау туралы бастама көтерілді. Сондай-ақ, осы аудандағы мәдени-спорт кешенін «Елбасы Арена» деп атау ұсынылды.

Аталмыш бастама Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекетті қалыптастырудағы айрықша рөліне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көрініс тауып отыр.


Мәселе қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының қарауына шығарылып, оған 10 мыңнан астам адам көзбе-көз және Zoom форматында қатысты.

Отырыс барысында қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, спорт қауымдастығының өкілдері сөз сөйлеп, ойларын ортаға салды. Жиын қорытындысында қатысушылар пікірлерін назарға ала отырып, депутаттар бірауыздан осы мәселені қалалық мәслихат сессиясына шығаруды ұсынды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x