Back
| DalaNews

Қарапайым сатушыдан білікті кәсіпкерге айналды

Алматы облысында сатушы болып жұмыс істеп келген 30 жастағы Айман Жапарова «Бастау» жобасының көмегімен көкөністер мен жемістер дүкенін ашып, кәсіпкер атанды, , – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Айманның айтуынша, ол халық арасында, азаматтармен етене байланыс жұмыс істегенді жаны қалайды. Үлкен-кішіге қамқор және арманшыл жан. Жеке ісім болса деген мақсаты болды. Сатушы болып жұмыс істей жүріп, жеміс-жидектерден себеттер мен гүл шоқтарын әзірлеу ойына келді.

| DalaNews– Тұрмысқа шыққаннан кейін Үшарал қаласына көшіп келдім. Жолдасыма өз ісімізді ашып, кәсіпкерлікпен айналысуды ұсын,анымда бірден қолдады. Көкөністер мен жемістерден себеттер мен гүл шоқтарын жасауды, сонымен қатар шағын дүкен ашуды жоспарладым. «Атамекенге» барғанымда мұның бәрін қалай жүзеге асыру керектігін түсіндірді. Қолдау шараларының бірі «Бастау» жобасы болды. Карантиндік шараларға байланысты оқу онлайн түрде жүргізілді. Дегенмен де, өзім үшін көптеген пайдалы және қызықты нәрселерді үйрендім, – деді кәсіпкер.

2020 жылдың қазан айында Айман «Еңбек» бағдарламасы бойынша 555 600 теңге грант алды. Осы қаражатқа ол тоңазытқыш жабдықтарын, сөрелерді сатып алды. Үшарал қаласының тығыз орналасқан аудандарының бірінен дүкенге арналған орынды жалға алды.

– Қазіргі уақытта дүкен ашып, сіз ешкімді таң қалдырмайсыз, бірақ мен үшін бұл өмірдегі үлкен және тәуекелге толы қадам еді. Ары қарай өз бетімізше аяққа тұра алатынымызға зор үміт пен сенім болды. Қазір екі адамды жұмыспен қамтып отырмын. Барлық көкөністер мен жемістерді сенімді жеткізушілерден сатып аламыз. Заман ағымына сай болу үшін онлайн жеткізу қызметін іске қостық. Instagram парақшасы және WhatsApp арқылы тапсырыс қабылдауды жолға қойдық, –деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, Айман тапсырыс бойынша авторлық себеттер мен гүлшоқтарын жасайды. Мұндай қызмет Үшарал үшін жаңа кәсіп түрі болған соң, қала тұрғындары тарапынан сұраныс жоғары.

Биыл кәсіпкер өзінің авторлық себеттер мен гүл шоқтарын сату бойынша жеке сауда нүктесін ашып, жаңа дүкен ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, жақын маңдағы Қазақстан, Бескөл, Жанама, Еңбекші, Жайпақ және Май ауылдарына да көкөністер мен жемістер жеткізуді ұйымдастыру ойда бар.

Тағы оқыңыз:

Алакөл ауданынада қоғамдық жұмыскерлерге құрмет көрсетілді