Қарақиялық полиция қызметкері жекпе-жек спорт түрлерінің үздігі

Dalanews 15 нау. 2021 16:30 226

Қарақия ауданына қарасты Сенек ауылының учаскелік полиция инспекторы Асхат Төлепов негізгі қызметімен қатар жекпе-жек спортымен кәсіби түрде айналысқанының арқасында әріптестері арасындағы жарысты топ жарды, – деп хабарлайды Dalanews.kz  Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аудандық полиция бөлімінің капитаны Асхат Төлепов 1990 жылы дүниеге келген. Жастайынан спортқа жақын Асхат түрлі үйірмелерге қатысып, еркін күрес, қойын-қолтық ұрыс, аралас жекпе-жектен жоғары көрсеткіш көрсетіп, жетістіктерге жеткен. Бүгінде ол – аралас жекпе-жектен спорт шебері, ал еркін күрестен спорт шеберіне үміткер.

– Жастарымызды бос уақытын тиімді пайдаланып, спортпен тұрақты түрде шұғылдануға шақырамын. Уақыттың қадірін біліп, оны тиімді пайдаланғанда ғана жетістіктерге жетуге мүмкіндік болады, – дейді А. Төлепов.

Асхат Төлепов «Жас жалын – 2016» жастар премиясы үздік номинациясының жеңімпазы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x