Атырауда үш күнде 400-ден астам ұстаз екпе алды

Dalanews 12 нау. 2021 16:17 232

Соңғы үш күнде атыраулық 405 мұғалім коронавирус індетіне қарсы вакцина алды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім саласы қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соның бірі – Атырау энергетика және құрылыс колледжінде  өтті. Онда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Ләззат Жайлауова, Денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру және лицензиялау бөлімінің басшысы Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық Білім беру басқармасының бас маманы Гаухар Такузова қатысып, вакцинаға қатысты мұғалімдер сауалдарына жауап берді.

Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталған болатын.

Соңғы үш күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның 408-і педагог, 183-і медицина қызметкері, 14-і мемлекеттік қызметші.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x