Тоқаевтың құттықтау хаты 10 метр биікте табысталды

Dalanews 12 нау. 2021 08:25 189

Шымкентте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты 10 мың метр биікте табысталды, - деп хабарлады Шымкент қалалық әкімдігі.

Қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, құттықтау хаты мен гүл шоқтары 10 мың метр биікте тапсырылды. Президенттің атынан төрт хат келген. Қала әкімі Мұрат Әйтенов Президенттің 8 наурызға арнайы хатын тапсырды.

Әуезов университетінің ректоры, ұлағатты ұстаз Дария Пернешқызы мен олимпиада жеңімпазы, ұлт мақтанышы Әлия Жүсіпова Шымкентте болмай шыққан. Алайда ректор Дария Пернешқызы Алматыға ұшып бара жатқанын хабарлаған.



Әкімдік қызметкерлері қай ұшақ екенін білген. Дәл сол ұшақпен Алматыға бір жиналысқа Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарма басшысы Мәди Манатбек ұшып бара жатқан.



Осылайша Мәди Манатбек Шымкент-Алматы ұшағында 10 мың метр биіктікте бүкіл салонға хабарлап, Президенттің құттықтауы мен қала әкімінің атынан Шымкенттің символы - бір шоқ қызғалдақ гүлін табыс етті.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x