Ақтаулық кәсіпкер шаян өсіріп, саудаға шығаруда

Dalanews 10 нау. 2021 08:07 241

Ақтаулық кәсіпкер Максим Ефанов 2 мыңға жуық шаян өсіріп отыр. Ерекше кәсіпті өткен жылы қолға алған кәсіпкер бүгінге дейін 2 тоннадан астам шаян өсірген. Бір қызығы ол жәндіктерді өсіруді ғаламтордан үйренген, – деп хабарлайды Dalanews.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Былтыр осы кәсіпті бастағанда 300 келідей шаян сатып алдым. Қазіргі таңда 5 адамды жұмыспен қамтыған жайым бар. Қаладағы супермаркеттерге, мейрамханаларға саудалайымын. Шаяндар тамақтануға тек түнде ғана шығады, олардың арнайы тамағы бар, – дейді кәсіпкер.

Максим шаянды өсіру үшін Ақшұқыр ауылында 5 бассейнді қолдан жасаған.


– Шаян таза суларда, әсіресе, шағын өзендер мен ағынды суларда көбірек кездеседі. Балық секілді желбезегімен демалады. Әуелі ауыл шаруашылығы министрлігі сараптамалар өткізіп,  келісімін берген болатын. Алдағы уақытта шаян санын 15-20 тоннаға дейін арттыру жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар балық шаруашылығымен айналысып көргіміз келеді, – деді кәсіпкер.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x