Түркістан облысында жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келді

Dalanews 04 нау. 2021 16:01 121

Түркістан облысы, Төлеби ауданында үшем дүниеге келді. Ленгір қаласының 36 жастағы тұрғыны Ақерке Сергебаева облыстық №1 периниталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, осымен облыста жыл басынан бері екінші үшем дүниеге келген.

Жаңа туылған нәрестелерге Балжан, Мағжан, Тоғжан есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер периниталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынған.


Медицина қызметкерлерінің көметімен сәбилер салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған. Үшемдер перзентханадан шығуға әзір. Үшем дүние келген отбасының бір ұл мен үш қызы бар. Отағасы да, көпбалалы ананың өзі де мектепте жұмыс істейді.

«Қорқыныштар болды әрине. Алланың сыйына сансыз шүкір. Сәбилерімді бағып, күткен дәрігерлерге шексіз алғыс білдіремін»,  –  дейді үшемнің анасы.

Жыл басынан бері Түркістан облысында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x