Талғар ауданының әкімі ауысты

Dalanews 04 нау. 2021 05:55 125

Алматы облысы әкімінің өкімімен Қайдар Әлиханұлы Әбдіханов Талғар ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қайдар Әлиханұлы Әбдіханов 1974 жылы туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын мал шикізатын тауарлаушы инженер және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Талғар қаласында "Айгерім" ЖШС директорының коммерциялық қызмет бойынша орынбасары болып бастады.

1999-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Кеден органдарында үздіксіз қызмет етті.

Кейін Қостанай облысында "Қостанай-ЦТО", "Жетіқара" кеден бекеттерінің басшысы лауазымын атқарды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінде жұмыс істеді, Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округінің әкімі болды.

2018 жылдың маусымынан – Талғар ауданы әкімінің орынбасары.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x