ШҚО әкімдігі 8 наурызда бірқатар аналарға қаржылай сыйақы ұсынады

Dalanews 03 нау. 2021 16:00 146

Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын 8 наурыз күніне орай облыстық бюджет қаражатынан келесі санаттарға 5 АЕК (14 585 теңге) мөлшерінде біржолғы төлем жүргізіледі, – деп хабарлайды Dalanews.kz  ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған және 1 және 2-дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған 13058 көпбалалы анаға.

- Бірге тұратын 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу бөлімінде оқитын балалары бар 14707 көпбалалы анаға.

2021 жылы аталған төлемдерге 27 765 көпбалалы аналар үшін 404 955 мың теңге қарастырылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x