Алматы облысында АҚШ-қа өнім экспорттайтын зауыт іске қосылады

Dalanews 03 нау. 2021 06:48 173

Алматы облысында өндірістің 40 пайыздан астамы тамақ өнімдері мен сусындар шығаруға тиесілі. Биыл да өңірде ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеп шығаратын бірқатар кәсіпорындар ашылмақшы.  Алдағы таңда бұл  қатарды «AGRITECH» ЖШС толықтырады.

Соя бұршағын өңдейтін зауыт, Іле ауданы, Жаңаталап ауылында орналасқан.  Жобаның құны – 3 797,3 млн теңге. Қаржыландыру көздерінің 72,2%-ы Қазақстанның Даму Банкіне,  27,8%-ы меншікті қаражат есебіне тиесілі.

Жылына зауытта 2500 тонна соя изоляты, 3800 тонна талшық пен 2000 тонна сірне өндіріледі деп жоспарлануда.

– Алынған өнім Израиль мен АҚШ-қа жөнелтіледі.  Жылдық экспорт көлемі 97,7% құрайды, – дейді зауыт директоры Олег Петушок.

Зауыт құрылысна 7 гектар жер бөлінген, оның 2,02 гектарына нысан бой көтерген.  Құрылыс жұмыстарының жүру барысында 15 жұмыс орны құрылған болатын. Ал,  өндіріс орны толықтай қолданысқа берілгеннен кейін, облыстың әлеуеті арта түспек. Сәйкесінше, жаңа жұмыс орны құрылып, 58 адамның бір мезетте еңбекке тартылады.

Айта кетейік,  аталмыш жобадан түсетін пайда көлемі жылына 2,6 млрд теңгені құрамақ.

Бұқараның игіліне қызмет атқаратын өндіріс орнының лентасы 1 сәуірде қиылады деп жоспарлануда. Естеріңізде болса, өткен жылы облыс орталығында құны 4,4 млрд теңге болатын, майлы дақылдарды өңдейтін зауыт іске қосылған. Кәсіпорын күніне 500 тонна рапс, 400 тонна күнбағыс өңдейді.

 Анар САБЫРОВА, Алматы облысы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x