Түпқарағанда «Балықшылар» ескерткіші бой көтереді

Dalanews 25 ақп. 2021 14:20 282

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданына қарасты Аташ елді мекенінде биыл «Балықшылар» демалыс орны бой көтеріп, балышыларға арналып ескерткіш орнатылады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түпқараған ауданының әкімі Айбек Қосуақовтың мәлімдемесіне сілтеме жасап.  

– Бұл біздің өткен тарихымызға елеулі еңбегі сіңген ардагерлерге деген құрметтің белгісі. Өскелең ұрпақтың жадында өткен тарихымыз жаңғырып тұруы үшін аталған демалыс орны мен еңселі ескерткіштің алар орны ерекше болмақ, – дейді аудан әкімі Айбек Қосуақов.

«Балықшылар» демалыс орнында кіреберіс арка, спорттық шынығу алаңы, балалар алаңы, автотұрақ пен шатырлы орындықтар және еңселі «Балықшылар» ескерткіші орнатылады.


Ескерткіш авторы Б.Салаев. Мүсіннің биіктігі – 3,60 метр болса, тұғыр биіктігі 2,20 метрді құрайды. Демалыс орны биыл пайдалануға беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x