Жаңаөзендік бүркітші аң терісін илеп, кәдеге жаратуда (фото)

Dalanews 24 ақп. 2021 09:17 430

Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылының тұрғыны Жеңісхан Бақболатұлы қазақ халқының ежелден келе жатқан көне дәстүрінің бірі – құсбегілікпен айналысады.

Қазақтың асыл дәстүрін, мәдениетін дамытуда бұл өнердің маңызы зор. Бүркітші Жеңісхан Бақболатұлының әкесі де аңшылықпен айналысып, қақпан құрып, тазы жүгірткен.

– Сонау бағзы заманнан келе жатқан құсбегілік өнерді, дәріптеп жүргенімізге де бірнеше жыл болды. Кең дархан далада қандауыз қақпан құрып, бүркіт ұшырып, алған аңның терісін илеймін. Бала кезімде әкем қасқыр, түлкі секілді аңды аулап, терісін илеп, үйреткен. Қазақ халқының тектілігін, жігіттерінің серілігі мен жүректілігін танытатын бұл өнер аса білгірлік пен мықтылықты талап етеді.




Жыртқыш құспен тіл табысып, оны қолға үйрету үшін де төзімділік пен қайсарлық қажет. Жаратылысынан жабайы, жыртқыш болып жаралған қыранқұсты шошытып, үркітіп алмай байланысудың маңызы зор, – дейді Жеңісхан Бақболатұлы.

Жеңісхан Бақболатұлы алдағы уақытта құсбегілік өнерді жастарға үйретуді мақсат етіп отыр.





Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x