Ақтауда 15 шағын ауданды абаттандыру жұмыстары қарқынды жүруде

Dalanews 23 ақп. 2021 06:48 205

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласындағы 15 шағын ауданды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Эльдар Машырықов мәлімдемесіне сілтеме жасап.

– Аталған жоба 15 шағын ауданды толық қамтиды. Жалпы, 13500 шаршы метр жерге асфальт-бетон төселінеді. Тарқатып айтсақ, 2700 шаршы метрге жаяу жүргінші жолын салу, 1200 шаршы метр аумаққа балалар ойын алаңын және 450 шаршы метрге футбол алаңының құрылысы қарастырылған. Қазіргі таңда осы жұмыстар қарқынды жүруде. Кешенді абаттандыру жұмыстары жыл аяғында толықтай аяқталатын болады, – деді Эльдар Машырықов.

Қазір жөндеу жұмыстарының 30%-ы аяқталған. Бір ойын алаңы салынғанын айта кетуіміз керек. Алдағы уақытта жарық шамдар, орындықтар, қоқыс жәшіктері орнатылады деп жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың – 2020» бағдарламасы аясында 25-ке жуық адам жұмыспен қамтылған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x