Маңғыстаулық әжелер мектеп оқушыларына ұршық иіріп, ою бастыруды үйретуде

Dalanews 17 ақп. 2021 14:46 416

Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды. Саналы тәрбие мен салт дәстүрді жас ұрпақ бойына сіңіру үшін олар танымдық сабақтар өткізіп, ұршық иіру мен балқаймақ қайнатуды көрсетеді.

Ақпанның 16 күні клуб мүшелері «Microsoft Teams» онлайн платформасында бас қосып, алғашқы кездесу өткізді. Ақтау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік» мектебінің 7-сынып оқушысы Зере Құрманбайдың әжесі Рысты Дюмбаева ұршық иіру жолдарын көрсетті.

Клуб мүшелігінде 7, 8 және 11 сынып оқушыларының әжелері бар. Олар әзірге «Халқын сүйген, салтын сүйер», «Он саусағынан бал тамған», «Қазақ – қонақжай халық» атты үш тақырыпта сабақ өткізеді.


Енді әжелер алдағы уақытта ұлттық сусындар мен тағамдарды дайындау әдісін көрсетеді. Бұдан бөлек киіз үй жабдықтары мен тоқыма тоқу, ою бастыруды үйретеді

Ақтау қаласындағы «Назарбаев зияткерлік» мектебінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x