Атырау облысында 8 мектеп пен 11 балабақша салынып жатыр

Dalanews 17 ақп. 2021 11:17 200

Бұдан басқа, биыл 3 мектеп пен 6 балабақшаның құрылысы басталады. Оның ішінде, Атырау қаласы «Көктем» ықшам ауданындағы​ 160 орындық балабақша мен Индер ауданы Есбол ауылындағы 320 орындық мектептің құрылысы бар.


​ «Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен жылы атқарылған жұмыстардың есебін беру кезінде айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.


«Құрылысы жүріп жатқан 8 балабақша және 5 мектеп биыл аяқталады. Нәтижесінде 3 170 бүлдіршін балабақшамен қамтылып, 4 мыңнан астам бала жаңа мектепке барады» деп атап өтті Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Атап өту керек, былтыр мектепке дейінгі 9 ұйым ашылып, 2 мектептің құрылысы аяқталды.​ Нәтижесінде 1 360 сәби балабақшамен қамтылып, 1 апатты және 1 үш ауысымды мектептің мәселесі шешілді. Және өткен жылы облыс педагогтарының қатары 309 маманмен толықты.


Еске сала кетелік, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов онлайн форматта есеп беруде. Әкім есебі «Каспиан ньюс», «Атырау» каналдарында тікелей эфирде, atyrau.gov.kz сайты және әкімдіктің әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында көрсетілуде.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x