Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен кетті

Dalanews 16 ақп. 2021 08:28 208

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қуанышбек Қашқымбаев Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кетті, деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы.

12 ақпанда өткен жиналыста өз қалауы бойынша қызметінен кететіндігі туралы хабарлағандығы, сондай-ақ әріптестеріне бірлескен жұмыстары үшін алғыс білдіріп, барлығына сәттілік тілегені атап өтілді.

Қуанышбек Қашқымбаев 2020 жылдың 2 шілдесінен бастап Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметін атқарды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x