ШҚО-да отбасы құндылықтары дәріптелді

Dalanews 21 қаң. 2021 14:38 248

Отбасылық бақыттың кепілі – бұл бір-біріне деген құрмет пен қамқорлық. Қазақ халқының өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтаудың іргетасы отбасылық құндылықтар болып табылады. Осы орайда, жас қыз-келіншектерге қоғамның әл-ауқатына негізделген ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлеріміз туралы аға буын өкілдері айтпағанда, басқа кім айта алады? Осы мақсатта, дәл бүгін ШҚО Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығында жас келіндерге арналған мастер-класс өтті.

– Біз кез келген өркениетті қоғам үшін аса маңызды ұрпақтар сабақтастығын көрнекі түрде көрсетуге шешім қабылдадық. Ол үшін Достық үйі мен белсенділер мастер-класс ұйымдастырды, оның аясында тәжірибелі тәлімгерлер болашақ келіндерді өздері білетін барлық нәрсеге үйретті, – деп бөлісті Достық Үйі-Қоғамдық келісім орталығы баспасөз қызметінің жетекшісі Айзада Бибулова.

Іс-шара барысында үлкен, тату және мықты отбасылардың әйелдері өздерінің құпиялары мен шеберліктерімен бөлісті. Олар қыздарға қонақтарды қарсы алу ерекшеліктері, үстелді жабдықтау, ыдыс-аяқтарды дұрыс ұсыну керектігі туралы айтты.


Қазақтар шай ішуді ертеден әдетке айналдырған және оны берудің дәстүрі де ерекше. Ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін бұл сусынсыз бірде-бір мерекені елестету мүмкін емес. Құйылған шайдың көлеміне және оны кім және қалай беретініне байланысты қонаққа деген құрмет дәрежесі анықталады, сондықтан шай рәсімі отбасылық өмірде маңызды рөл атқарады.

Келіндерге тағы бір даналық – байлауышты қалай дұрыс қолдану керектігі, яғни оны қалай тағып, әртүрлі киімдермен әдемі үйлестіруге болатындығы айтылды.

Сонымен қатар, шеберлер «Құрақ көрпе» құрау техникасы туралы айтып берді. Бұл жылы және әдемі көрпелерді құрау, олар үй интерьеріне керемет жайлылық береді. Бұл өнерді меңгеру үй шаруашылықтарын ұлттық нақыштағы эксклюзивті бұйымдармен қуантуға мүмкіндік береді.

– Менің отбасылық өмірімде үлкен тәжірибем бар. Мен көптеген жылдар бойы некеде бақыттымын және бүгін қыздарға кеңес беріп, оларға жаңа нәрсе үйреткеніме қуаныштымын. Ата-бабаларымыздан қалған дәстүрлер мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа берілуі тиіс деп ойлаймын, – деп атап өтті «Ақниет» вокалдық ансамблінің жетекшісі Гүлшат Смағұлова.

Айта кету керек, мұндай форматтағы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және әлеуетті келіндер немесе әйелдер арасында ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының мәдениетінің қыр-сырын түсінуге қызығушылық танытқандар арасында да танымал.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x