Back
| DalaNews

«Жетісу ертегілері» байқауы өтеді

Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ «Жетісу ертегілері» атты 1-ші ертегілер байқауын жариялайды. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында мәлім болды.

Байқауға өңірдегі 71 этномәдени бірлестіктер қатысады. Сонымен қатар, жетісулық тұрғындар жас шамасына қарамастан бірегей туындыларын жібере алады.

– Ертегілер жинағын құру идеясы әжемнің немерелеріне айтқан қызықты ертегілерінен бастау алған еді. Әңгіме барысында әжем оларға отбасылық құндылықтар, достық, бейбітшілік пен бірлік туралы біліммен түсінік беретін. Бұл ұрпаққа мұра болатын құндылық. Сондықтан уақыт өте ұмытылған халық ертегілерін жандандыру мақсатында біз осы жобаны іске қосамыз, – дейді Алматы облыстық «Қоғамдық келісім» КММ директоры Сандуғаш Дүйсенова.

Мазмұны мен тақырыбы бойынша үздік шыққан ертегі аудио форматқа ауыстырылып, PlayMarket және AppStore қосымшаларына орналастырылып,  ашық қол жетімді болады. Бірегей қосымшаны өз саласының мамандары, Украинадан келген бағдарламашылар әзірлейді деп күтілуде. Жоба жеңімпаздарының есімдері 22 ақпанда белгілі болады.

Тағы оқыңыз:

Кеген ауданында Мәдениет үйі қайта жаңғыртылды