Канвассинг іс шарасы батыр ананың үйінде өтті

Dalanews 04 қаң. 2021 18:18 247

«Nur Otan» партиясынан түскен Бәйдібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Серік Шалхарұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын қызу жалғастыруда.

Үміткер бүгін Қошқарата ауылы тұрғыны, батыр ана Айжамила Базарбекова шаңырағына арнайы барып, партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтарымен таныстырды. Өз кезегінде Серік Шалхарұлы батыр ананың тұрмыстық жағдайымен, басқа да шешуін таппай жатқан түйіткілді мәселелерімен танысып, ұсыныс-тілектері тыңдалды.

Алдағы уақытта бұл мәселелердің шешімін табуына ықпалын тигізуге уәде берді. Кездесу соңында батыр анамыз толық, бірауыздан «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге баратындықтарын уәде етті.

(Материал ақысы Бәйдібек ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x