Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов дауыс берді

Dalanews 10 қаң. 2021 08:35 205

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов  ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдауын жасады.

Аймақ басшысы Атырау қаласындағы  Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан  №8  сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Таңғы сағат жетіден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесіне 1145 сайлаушы тіркелген.

Саяси науқанда өңірде барлығы 265 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеуде. Мұнда азаматтарға санитарлық талаптарды сақтай отырып дауыс беруге арналып барлық жағдай жасалған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x