Елордада «Ақ жол» партиясының үміткерлері Қоғамдық қабылдау ұйымдастырды

Dalanews 29 желт. 2020 23:58 229

Бүгін «Ақ жол» демократиялық партиясының Республикалық штабында Қоғамдық қабылдау бөлмесі халықты қабылдап, жұмыс істеді. Қоғамдық қабылдауда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Ақ жол» партиясынан депутаттыққа кандидаттары жұртпен кездесіп, олардың сұрақтарына назар аударды.  

Сайлаушылардың «Ақ жол» қабылдауына келгендегі мәселелері әртүрлі болды, негізінен – жеке сипаттағы сұрақтар.

Депутат Ерлан Барлыбаевқа газдандыру мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Н.Ахметбеков және Ө.Жәнібек көшелерінің тұрғындары атынан М.Рахымғұлов жүгінді. Оларды жұмыстың баяу жүріп жатқаны мазалайтындарын айтты. Тұрғындар жергілікті биліктің тиісті бақылауды жүргізбегеніне, газдандыруды аяқтауға қызығушылық танытпағанына шағымданды.

Ал Қарағанды қаласының тұрғыны М.Мырзаханова депутат Дания Еспаеваға отбасының проблемалық қарыздары бойынша жүгінді. Қазіргі уақытта барлық табыс несиелерді өтеуге жұмсалады, отбасы өмір сүру қаражатынсыз қалған. Ал микрокредиттік ұйымдар қарыздарды өтеу шарттарын қайта қарастырмай отыр.

– Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң болған жағдайда мұндай проблема соншалықты өткір болмас еді. Мұндай жағдайда банкроттықты басқарушылар табысты пропорционалды түрде бөлер еді: 50% – кредиттерді өтеуге, 50% – отбасының тұрмыс-тіршілігіне. Мұндай өтініштер көбейіп келеді, әсіресе коронакризис кезеңінде. Біздің партия қатардағы азаматтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады. Біз жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңның қабылдануы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз. «Ақ жол» партиясы мұндай заң жобасына бастамашы болды, бірақ өкінішке орай, ол қолданысқа енгізілмеді, – деп атап өтті Д.Еспаева. 


Депутат Меруерт Қазбековаға тұрғын үй мәселесімен астаналық Райхан Камалова келді. Өтініш берушінің айтуынша, фракция депутаттарының қабылдауында болған таныстары оған «Ақ жолға» жүгінуге кеңес берген. Камалованың айтуынша, оны тұрғын үй кезегіне қоймайды, ЖАО жауапты қызметкерлері мұны мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының критерийлеріне сәйкес келмейтіндігімен түсіндіреді. Мәселен, оның зейнетақысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары.

– Партия тиісті инстанцияларға ресми түрде жүгінетін болады. Содан кейін біз осы мәселе бойынша, оның ішінде Мемлекеттік бағдарламалар критерийлері бойынша анықтықты енгізу үшін мемлекеттік органдардың өкілін кездесуге міндетті түрде шақырамыз, – деп атап өтті М.Қазбекова.

«Келіп түскен барлық өтініштер қаралатын болады. Олар бойынша тиісті құрылымдарға хаттар дайындалып, бүгінгі көтерілген сұрақтар «Ақ жол» партиясының алдағы жұмысында пайдаланылатын болады», – деп сендірді Демократиялық партияның заң қызметі.

(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x