Nur Otan-ның білікті мамандар дайындау, дәрі-дәрмекпен қамтуға қатысты ұсыныстарын халық қолдады

Dalanews 05 қаң. 2021 16:50 271

Бүгін «Nur Otan» партиясының Аққулы аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Айгүл Садықова аудандағы мәденит қызметкерлерімен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын

Кездесуде үміткер-кандидат Айгүл Серікқызы мәдениет қызметкерлеріне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Өз кезегінде кездесуге келген аудан азаматтары «Nur Otan» партиясының медицина саласындағы білікті мамандарды тарту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын қолдайтыныдарын жеткізді.


Бұдан басқа үміткерге сапалы ауыз су, канализация, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелерін шешу бойынша ұсыныстары болды.

Аққулы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жиындары жоспарға сәйкес ұйымдастырылуда. Кездесулер  ұйымдармен, шаруа қожалықтарда және халық көп шоғырланған орындарда ұйымдастыру жоспарланған.

– Біздің ортақ мақсат – әрбір тұрғынның өмір сүру деңгейін жақсарту, осы тұрғыда әрбір Қазақстандықты дауыс беруге шақырамын, – деп Айгүл Серікқызы аудан халқын сайлауға белсенді түрде қатысуға шықырды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x