Жолдардың сапасын жақсартуға «Nur Otan» партиясы айрықша көңіл бөледі

Dalanews 30 желт. 2020 15:24 215

Павлодар облыстық маслихатына «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданы бойынша үміткер-кандидат Дулат Абетжанов Баймулдин ауылының тұрғындарымен онлайн кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының бағдарламаларымен кеңінен таныстырды. Тұрғындар өз саулдарын қойып тиісінше жауаптарын алғанына куі болдық.

Zoom платформасында өткен онлайын кездесуге 20-дан астам адам қатысты. Олардың арасында ауыл ақсақалдарынан бастап, белсенді жастар және түрлі маман иелері болғанын айта кетуіміз керек.

Онлайн жүздесуде Баймулдин ауылының тұрғындары көкейде жүрген мәселелерін ашып айтып, үімткер-кадидатқа сұрақтарын қойды. Айталық, ауыл тұрғыны Мұрат Қаңтарбаев жол мәселесін көтеріп, бұл бағытта «Nur Otan» партиясының бұл бағытта қандай жоба-жоспары барын білуге тырысты.

Өз кезегінде Дулат Абетжанов ауыл арасындағы жолдарды жөндеу және салу ісіне «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айрықша көңіл бөлінгенін атап өтті.

– Аққулы ауданы «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі бағдарламасында ауыл арасындағы жолдарды дамыту ісіне айрықша көңіл бөлінген. Жалпы жол мәселесіне біздер бұған дейінде айрықша мән беріп келеміз. Алдағы уақытта жолдарды жөндеп, салу ісіне жоғары жақтан қомақты қаржы бөлінетін болады. Біздің партия осы қаржының діттіген жеріне дәл жетуі үшін қоғамдық бақылау жасауды көздеп отыр. «Nur Otan» партиясының маңызды жұмыстарға қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде зор тәжірибе жинақтаған. Соныдқтан алдағы уақытта халық сенімін ақтап, жұмыс істейтін боламыз, – деді үміткер-кандидат Дулат Абетжанов.


Бұдан кейін ауыл тұрғындары ауыз су, мал шаруашылығын дамыту және ауылды жерде жастар үшін жұмыс орындарын ашу мәселелерін көтерді. Өз кезігінде Дулат Абетжанов ауыл азаматтарының қойған сұрақтарына тиянақты жауап беріп, ойын ортаға салды.

Онлайн кездесудің соңында үімткер-кандидат ауыл тұрғындарына 2021 жылдың 10 қаңтары күні «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруін өтінді.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x