«Nur Otan» Майқарағай ауылының тұрғындарымен кездесті

Dalanews 03 қаң. 2021 14:31 210

Бүгін «Nur Otan» партиясы Павлодар облысы Аққулы ауданы бойынша мәслихат депутаттығы үміткер Ж.К.Байсағұров Майқарағай ауылындағы Мәдениет үйінде сайлаушыларымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Басқосуда «Nur Otan» партиясының үміткер-кандидаты ауыл халықына бас партияның сайлауалды бағдарламасы түсіндірді. Бүгінде еліміздің өсіп-өркендеуі әрбір азаматқа байланысты. Сондықтан ауыл халқы өздерін толғандырған мәселелерін «Nur Otan» партиясының аудандағы белсенділерімен бірлесіп, талқылап келеді. Осы жол да Майқарағай ауылының тұрғындары Ж.К.Байсағұровпен еркін пікір алмасып, көкейге тұнған ой-пікірлерін ашып айтты.

Партияның сайлауалды бағдарламасы жайында кеңінен ой толғаған үміткер-кандидат санаулы күнде сайлауға ел азаматтары бір кісідей қатысып, өз таңдауын жасау керек екенін айтты.

– Әр азамат қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосу керек, яғни кез келген істі өзінің қара басы үшін емес, халық пен болашақтың қамы үшін жасауы тиіс. Сол кезде мемлекетіміз көркейіп, нығая түстетіні белгілі, – деді Ж.К.Байсағұров.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Аққулы ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x