Back
| DalaNews

«Ақ жол» партиясы ұйымдастырған автошеру елімізді тұтастай қамтыды

Бүгін «Ақ жол» Демократиялық партиясының ұйымдастырумен «Ақ жолмен» бірге жарқын жолмен!» автошеруі еліміздің барлық қалаларында өтті. Мұндай креативті әрі ерекше науқанды «Ақ жолдың» республикалық штабы дәстүрлі түрде үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде ұйымдастырады.

Бүгін Қазақстанның барлық өңіріндегі «Ақ жол» партиясының кеңселерінен жалаулар мен демпартияның үгіт атрибуттарымен безендірілген ақ автокөліктер легі бір мезгілде жолға шықты.

| DalaNewsКөліктердің түсінің ақ болуы кездейсоқтық емес, ол «Ақ жол» демократиялық партиясының атауы – жарқын жолмен сәйкес келеді. Ақ түс тазалықты, таңдалған жолдың ашықтығын білдіреді.

| DalaNewsАвтокөліктердің бағыттары қазақстандық қалалардың барлық орталық көшелерін, көпірлерін, жолайырықтарын және даңғылдарын қамтыды. Науқанға қатысушылар азаматтарды 10 қаңтарда сайлауға келіп, «Ақ жол» партиясына дауыс беруге шақырды.

| DalaNews

(Материал ақысы «Ақ жол» партиясының сайлау қоры қаржысы есебінен төленді)

Тағы оқыңыз:

«Ақ жол» партиясының «Полемикалық экономика» жинағы жарық көрді