Қаратал ауданында Nur Otan кандидаты сайлаушыларын онлайн қабылдады

Dalanews 06 қаң. 2021 08:59 188

Қаратал аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабында Қоғамдық қабылдау бөлімінде Мәслихат депутаттығына Серікжан Бақытұлы Жексембиев онлайн қабылдау өткізді.

Ауданға қарасты ауыл-аймақтардың интернет желісімен бүгінде толықтай қамтылуының арқасында, ауыл елді мекендердің де азаматтары бейнебайланысқа шығып, көкейлеріндегі сауалдарын жолдады.

Олардың көбін жұмыспен қамтылудың жолдары, жеке кәсібін ашудың тиімді тетіктері қызықтырды. Әлеуметтік, құқықтық мәселелерін де ортаға салды.

Айта кетейік, мұндай шара партия қабырғасында тұрақты өткізіледі. Халықтың мұң-мұқтажын тиісті орындарға жеткізіп, оң шешілуіне ықпал етіп жүрген халықтық партия билік пен бұқара арасында тікелей байланыс орнауына жол ашуда.

Сайлаушылардың өтініштерімен, талап-тілектерін тыңдап, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қоғамдық қабылдауға қатысқандарға заң аясында кеңестер беріп өтті.

«Nur Otan» партиясына дауыс берейік!

(Материал ақысы Қаратал ауданындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x