«Nur Otan» кандидаттары алдағы 5 жылда Шымкентте 42 мектеп салынатытын айтты

Dalanews 05 қаң. 2021 13:05 218

Бүгін Шымкен қаласында «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат топтары халыққа саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, насихаттау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депуттатығына үміткерлер Баршагүл Исабек пен Дулат Қуашбаев «Болашақ» коледжінің ұжымымен кездесті. Үміткерлерді жылы қарсы алған колледж ұжымы 10 қаңтар күні саяси науқанда Қазақстан азаматы ретінде белсенділік танытып, саяси науқанда болашақ ұрпақтың қолайлы, қауіпсіз өмір сүруге ықпал ететін «Nur Otan» партиясына сенім артып, бас партияны қолдайтындарын жеткізді.

Кездесу барысында үміткерлер бас партияның сайлау алды бағдарламасын танысты. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы Шымкент қаласының дамуы мен халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған негізгі 10 бағытын (тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік саланы дамыту, экономикалық әлеуетті жақсарту, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасау, шалғайдағы елді мекендерді көркейту, экологиялық ахуалды жақсарту, жол және көлік инфрақұрылымы, қоғамдық қауіпсіздік, жастарды қолдау, қаланы цифрландыру)  тұратын маңызды құжат болып тұр.

Жүздесуде «Nur Otan» үміткерлері алдағы 5 жылда атқаратын жұмыстарын жұртшылыққа жіліктеп түсіндіріп берді. Өз кезегінде білім саласының өкілдері өз салаларына қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.

Айталық, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздың біліктілігі маңызды рөл атқарады. Сондықтан партия осы бағытта кешенді жоспарларды жүзеге асыруға күш саламақшы. Шымкент қаласында 35% оқушы компьютерге мұқтаж, бұл 77 698 оқушыны құрайды. Оның 35 798-і әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасылардың балалары.

Мектеп тапшылығын жою мақсатында алдағы 5 жылда 42 мектептің құрылысы жүргізіледі. 24 мектеп, 3 интернат, 1 колледж және 13 балабақша күрделі жөндеуден өтеді деп күтілуде.

Сондай-ақ, 2021 жылы «жан басына қаржыландыру» бағдарламасы бойынша 400 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізіліп, қолданысқа берілетінін үміткер-кандидаттар алға тартты. Нәтижесінде 19 үш ауысымды мектептердің мәселесі толық шешілетін болады.

Кездесуде партиясының сайлауалды бағдарламасын мұқият тынысқан білім саласы қызметкерлеріне брошюралар мен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламалары таратылды.

Өз кезегінде мекеме ұжымы өз дауыстарын партияның кандидаттарына беріп, бүкіл отбасымен 10 қаңтарда сайлау учаскесіне барып нақты істер партиясы – «Nur Otan»» дауыс беру үшін келетіндігін айтты.

(Материал ақысы Шымкент қаласындағы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x