«Nur Otan» үміткерлері Бесағаш ауылындағы құрылыс алаңында кездесу өткізді

Dalanews 30 желт. 2020 16:17 222

Жаңа жыл қарсаңында Талғар ауданда «Nur Otan» партиясының үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер-кандидаттар Мұхит Әлібеков, Бауыржан Әукенов, Роза Баракова, Айдар Сарипов Бесағаш ауылдық округіндегі құрылыс алаңына барып, еңбек етіп жатқан азаматтармен жүздесіп «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы түсіндіріп, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды. Қойылған сұрақтарға толық жауап берді, көтерілген мәселелерді сайлау алдындағы бағдарламаға енгізіп, бақылауға алынатын болды.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең ірі саяси күш екені белгілі. Сол себепті саяси ұйым билік пен халықтың арасындағы алтын көпір қызметін атқаруда.

Жиырма жылда Елбасының сарабдал саясатының арқасында «Nur Otan» партиясының жеткен жетістіктері де аз емес! Бүгінде бас партия Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толыққанды жүзеге асыруға күш салуда.


«Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасында әлеуметтік сала мен білім саласының мәселелері нақты жоспарлармен қарастырылып отыр. Салықтың мөлшері мен кәсіпкерлікті дамытуда, жергілікті инвесторлардың әлеуметтік саладағы түбегейлі мәселелерін шешуде маңызы зор болмақ.

Кездесуімізде халық тарапынан біраз сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.

(Материал ақысы Іле ауданды «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қорынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x