Талғарда «Nur Otan» партиясының үміткері «Ақбұлақ» шипажайында кездесу өткізді

Dalanews 04 қаң. 2021 15:12 290

Бүгін «Nur Otan» партиясы бойынша Талғар аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер Ержан Абиров Талғар ауданы Белбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Ақбұлақ» шипажайына барып, шипажай  ұжымымен кездесу өткіздім.

Кездесу барысында «Ақбұлақ» шипажайының бас дәрігері және ұжым өкілдеріне 10-қаңтарда болатын сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, «Nur Otan» партиясының Талғар ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырдым.

Кездесу  барысында  үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағадарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру үшін аудан, облыс, республика бойынша нақты атқарылатын іс-шаралар жайлы түсіндірді. «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды.

Сонымен қатар, Бесағаш ауылдық округінің күрд этно-медени бірлестігінің төрағасы Хасан Узуналиев және бірлестік мүшелерімен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен де таныстырды.

Бүгінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ұлтаралық татулықты сақтау ісіне де барынша көңіл болып отыр. Талғар ауданын өзге ұлт өкілдері де мекендейтін болғандықтар еліміздегі бас партия аудандағы татулық мәселесіне баса көңіл бөліп, олардың ой-пікіріне құлақ асты. Кездесуде округінің күрд этно-медени бірлестігінің төрағасы Хасан Узуналиев:

– «Nur Otan» партиясы еліміздегі жетекші саяси ұйым. Күні кеше пандемия кезінде еліміздегі билік партиясы халықтың күшін біріктіріп, індетті еңсеруге бағыттай алды. Бұл оңай болған жоқ. Осы ретте Қазақстанда тұратын барша ұлт өкілдерін бір мақсатқа жұмылдырған «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда да сенім артуға болады деп есептеймін! – деді Хасан Узуналиев. Осылайша емен-жарқын кездесу барысында партия үміткерлері мен көпшілік қауым көкейге тұнған сұрақтарын бірге талқылап, ойларын ортаға салды.

(Материал ақысы Іле ауданды «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қорынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x