Іле ауданында Nur Otan кандидаттары халыққа тұрғын үй мәселесі қалай шешілетінін түсіндірді

Dalanews 04 қаң. 2021 10:55 274

«Nur Otan» партиясы бойынша Іле аудандық мәслихат депутаттығына үміткер С.Жарқынбеков, А.Абдрахманов  Междуреченск ауылдық округінің тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу  барысында  үміткерлер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағадарламасының негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне тоқталып, азаматтардың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру үшін аудан, облыс, республика бойынша нақты атқарылатын іс-шаралар жайлы түсіндірді. «Nur Otan» партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау бойынша шаралар кешенін қолдану қажет деп санайды.

Бүгінде Іле ауданында  ауданда 52 мыңға жуық отбасы тұрады, оның ішінде 5,4 мың көп балалы отбасы. Халықпен кездесуде «Nur Otan» партиясы бойынша үміткер-кандидаттар ауданда мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары тиімді жүзеге асырылып жатқанын айтты.

– Халықты баспанамен қамту «Nur Otan» партиясының басым бағыттарының бірі. Сондықтан біздер бұл бағатта жұмыс істеп, аудан халықының баспаналы болуына бар күшімізді жұмсаймыз. Рас, Іле ауданында тұрғын үй алу кезегінде тұрған халықтың саны көп. Қазіргі таңда баспаналы алу үшін кезекте тұрған халықтың саны 4292 адамды құрайды. Бұл мәселе алдағы 2025 жылға дейін шешуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта біздің партиямыз жергілікті билік орындарымен бірлесіп жұмыс істейтін болады, – деп С.Жарқынбеков тұрғын үй мәселесіне қатысты ойын ортаға салды.


Іле ауданындағы тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін Өтеген батыр ауылында 72 пәтерлі 11 үйдің (74,8 мың шаршы метр) және үш 60 пәтерлі тұрғын үйдің (12,8 мың шаршы метр) құрылысын жүргізу мәселесін бақылауға алмақшы. Осылайшы «Nur Otan» партиясы аудандағы тұрғын үй мәселесін оң бағытта шешуге өз үлесін қоспақшы. Бұдан үміткер-кандидаттар халықтың қаражаты есебінен ауданның барлық ауылында 1 мыңға жуық жеке меншік үйлер салынанытын да (658,6 мың шаршы метр) халыққа жеткізді.

Жедел түрде қолға алынатын бұл шаралар алдағы уақытта кезекте тұрған 1000-ға жуық отбасын немесе 3755 адамды баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаны түсіндіріп, сұрақтарға жауап беріп, үміткерлер - Сұлтан Данашұлы, Айдар Рақымжанұлы ауыл тұрғындарын 10 қаңтар күні елдің жарқын болашағы үшін дұрыс шешім қабылдап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

(Материал ақысы Іле ауданды «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабының қорынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x