«Nur Otan» бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген

Dalanews 04 қаң. 2021 03:57 229

Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылының тұрғыны Әлішер Абдукаримов Астанаға екі рет жаяу жүгіріп барыпты. Бірі 1998 жылы болса, екінші рет 2006 жылы жолға шыққан. Арнайы марафонға қатысқан ауыл тұрғыны үшін жүздеген шақырымды  жаяу жүру еш қиындық тудырмаған. Өзі спортпен шұғылданатын Әлекең қос сапардан да үлкен күш қуат алып қайтыпты.

– Елбасының саясатын қолдаймын.  «Nur Otan» партиясына дауыс беремін. Себебі көшбасшы партия бүгінге дейін игі істерге ұйытқы болды, – дейді ол.

Әлекең ауылдарына үгіт-насихат жұмыстарымен арнайы барған «Nur Otan» партиясының өкілдерімен кездесіп, көкейде жүрген ойларын ортаға салды. «Nur Otan» партиясы ұйымдастырған канвассинг іс-шарасы аясында еліміздегі жетекші ұйымның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, ұсыныстарын тыңдалды.

Көпшілік қауым «Nur Otan» өкілдеріне «Ауыл жастарына спортпен шұғылдану үшін жағдайлар жасалса» деген өтінішін жеткізді.

Жалпы,  «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында бұқаралық спортты дамытуға басымдық берілген.

Партия алдағы бес жылға арналған өз жоспарын ұлт денсаулығын нығайтуға, халықты бұқаралық спортпен айналысуға бағыттайтын болады.

«Nur Otan» партиясы 2025 жылға қарай Түркістан қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 33%-ға жеткізуді көздейді.

Бұл үшін,  Бабайқорған және Ескі Иқан ауыл округтерінен 2 спорт кешенінің (мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы) құрылысын салуға, 3 орталық көшелерде (Абай мен Қонаев даңғылы, Сейфуллин көшесі) Street workout (көшедегі жаттығуы) және Streetball (Стритбол – көшедегі баскетбол) элементтерімен алаңдарды жабдықтауға, қала ішінде балаларға арналған 60 аула алаңшасын салуға,  жасөспірімдер мен балалар спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға, ұлттық спортты дамытуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткіші 33%-ға дейін ұлғаяды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан қаласы Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x