Back
| DalaNews

Жас келсе – іске

Айдыны тулаған, ақ шағаласы шулаған айбынды Алакөлдің даму потенциалы өте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Алдыңғы толқын ағалардың саналы да сапалы жұмыстарының арқасында ауданның бүгінгісі бұрынғысынан бақуатты, болашағы бүгінгісінен баянды болмақ. Бұндай тұғырлы жетістіктерді тіктеуде өңіріміздің өр тұлғалы азаматтарының талай маңдай тері мен қолтаңбасы тұрғандығы анық.

Қазір заман өзгеріп, дәуірдің сұранысы алмасты. Ықылым замандағыдай қылышпен сауыт сөккен уақыт тарих қойнауына сіңіп, жаңа технологиялар мен тың көзқарастардың мезеті туды. Сондықтан да саяси аренаға жаңа ойлай алатын жастарды тарту – заман талабы екендігі мәлім.

| DalaNewsОсы ретте ауданның жалынды жастарының бірі, қайырымдылық бағытындағы істерде талай жұмыстар атқарған азамат, белді журналист Алмат Асхатұлы да аудандық мәслихатқа үміткер ретінде тіркеліп отыр.

Сайлауалды бағдарламаны насихаттау және халыққа жақын болу ниетінде А.Есенбеков көптеген шараларды атқаруда.

Ең алдымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Үшарал қаласының тұрғындарымен канвассинг кездесулер ұйымдастырып, сайлаушылармен еркін форматта сұхбат жүргізуде.

«Жас келсе – іске» демекші, бойындағы жастық қуатын халық мүддесіне қарай жұмсауды міндет еткен үміткер шаһар тұрғындарының тілектері мен ұсыныстарын тыңдап, партия тарапынан жоспарланған жұмыстар легімен таныстырды.

Сонымен қатар Үшарал бастауыш партия ұйымының мүшелерімен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен, өңіріміздің ата басылымы, аудандық «Алакөл» газетінің ұжымымен экспромт кездесулер жасап, сұрақтарына жауап берді.

| DalaNewsАлматтың діттегені бір қойы егіз туса, бір бетегесінің басы айыр шығатын  мәрт далалы өңіріміздің жақсылыққа жаны құмар жомарт жандарын қайырымдылық қозғалысына ерекше қарқынмен атсалысуына тарту. Сол арқылы жетімін кемеңгер  етіп, жесірін жерге қаратпаған текті жұртымыздың бағзыдан бері келе жатқан осынау ізгі қасиетінің жалғасуына өзіндік үлесін қосу.

Болашақ кілтін уыстарында ұстаған жастармен жұмысты жандандырып, олардың өңірімізге қатысты саяси, экономикалық, сонымен қатар өзге де маңызды шаруларына араласып, жеке пікірлері мен пайымдарын білдірулеріне, оларды жұмыспен қамтуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың тиімді орындалуына септесу. Әлемдік аренада «Қазақстандық жастар» деген брендті қалыптастыруда Алакөлдік қатарластарымның да болуына демдеу болып отыр. Жас болса да өз саласында елеулі жетістіктерге жете білген және қайырымдылық істерінде ерекше көзге түсіп жүрген үміткердің мақсаттарына жетуіне депутаттық мандаттың елеулі әсер етері сөзсіз.

Т.ҚАБЫЛҚАНОВ, Алакөл аудандық «Nur Otan» партиясының сайлауалды штабы қоғамдық қабылдау бөлімі сарапшысының көмекшісі.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Тағы оқыңыз:

Алакөл ауданында «Nur Otan» партиясы автошеру ұйымдастырды