Back
| DalaNews

Алакөл ауданында «Nur Otan» партиясы автошеру ұйымдастырды

10 қаңтарда ҚР Мәжілісі мен мәслихаттары депуттарының сайлауы өтетіні мәлім. Осы ретте сайлауға қатысу мүмкіндігіне ие болған барша партиялар өз бағдарламаларын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Осы ретте «Nur Otan» партиясы да халықтың сенімі мен дауысын иемдену мақсатында тиісті шараларды қолға алуда. Бас партия тарапынан депутаттыққа үміткерлер тұрғындармен онлайн кездесуер, канвассинг, экспромт жиындар өткізіп, қоғамдық қабылдаулар да ұйымдастыруда.

Жуырда аталған партияның Алакөл аудандық филиалы автошеру өткізіп, қала көшелерін аралады.

| DalaNewsШараға партия белсенділері, «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және депутаттыққа үміткер азаматтар қатысты. Алакөл аудандық әкімдік жанынан бастау алған автошеру М.Дулепов, Қабанбай, Д.Қонаев, Абылай хан сынды көшелерді аралап шықты. Көліктерде ҚР Мемлекеттік туы мен «Nur Otan» партиясының эмблемасы бейнеленген жалаулар желбіреп тұрды.

– Біз халыққа неғұрлым жақын болуды қолға лып отырмыз. Бұл партия тарапынан осы күнге дейін атқарылған игілікті жұмыстардан анық байқалып тұр. Тәуелсіз тарихымыздың қалануына партия азаматтыр едәуір үлес қосты және қоса бермек. Алдағы сайлауға да жүз пайызға дайынбыз. Өзіміздің бағдарламаны халыққа түсіндіріп, сайлаушылардың оң пікірін иелену үшін үлкен жұмыстар жасап жатырмыз. Бүгін тұрғындарды партиямызға дауыс беруге және сайлауға бірауыздан қатысуға шақыру мақсатында автошуре өткізіп отырмыз, – дейді «Nur Otan» партиясының Алакөл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Көкебаев.

Халық мүддесін көздеген түрлі тақырыптар көтерілген партияның сайлауалды бағдарламасында елді баспанамен қамту, инфрақұлымды дамыту, мектептер мен ауруханалар салу, жол мәселесін шешу, туризм саласын өрлету сынды маңызды міндеттер бекітіліп отыр. Алдағы уақытта осы бағытта ілкімді істер атқарылып, жүйелі жұмыстың арқасында қалың бұқараның жағдайы да жақсара түседі деген сенімдеміз.

Ж.НАУРЫЗБАЕВ, «Nur Otan» партиясының Алакөл аудандық сайлауалды штабы ұйымдастыру жұмыстары кеңесшісінің көмекшісі.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Алакөл ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Тағы оқыңыз:

Nur Otan үміткері: «Алакөл ауданында жастар үшін бірнеше спорт кешендері ашылды»