«Nur Otan» кандидаттары «Алтын Орда» базарында халықпен кездесіп, пікірлесті

Dalanews 30 желт. 2020 15:02 168

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штаб мүшелері, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидат – Ж.Тельпекбаева, Алматы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар – Ж.Донбаев, Д.Жарасбаев Қарасай ауданында орналасқан «Алтын Орда» базарында халықпен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық сайлауалды штабы мүшелері, «Алтын Орда» базарының өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттар еліміздегі атқарылып жатқан ауқымды шаралардың жүзеге асырылуы, ондағы «Nur Otan» партиясының қай сала болмасын ықпал етіп, халықтың жағдайының жақсаруына күш салып келеді.

Кездесуде «Nur Otan» партиясының белсенділері елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін атқарып отырған жұмыстары жайлы тоқталып, көпшілікпен ой бөлісті.

Жиын барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясы Қарасай аудандық сайлау қорынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x