«Nur Otan» – халықты бір мақсатқа біріктіретін партия

Dalanews 30 желт. 2020 11:03 246

Жарма аудандық мәслихаты депутатығына үміткерлер Айжан Надырханова, Алия Шарипбаева Шар қаласы тұрғындарымен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында кездесу өткізді.

Шара барысында кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Шар қалалық аурухана ұжымы мен «Горводхоз», пошта бөлімшесі мен әлеуметтік  қызмет көрсету орталығы филиалының әлеуметтік қызметкерлерімен кездесу барысында үміткерлер   сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтарына тоқталып,  сайлаушылардың өтініш-тілектерін де тыңдады.

Халықты бір мақсатқа біріктіретін еліміздің бас партиясы халықтың әлеуметтік ахуалын арттыруда, еліміздің экономикалық жағдайын жақсарту бағытында біршама шаруа атқарып келеді. Әсіресе, биылғы жылы әлемді жайлаған індет кезінде карантиндік жағдайдың оң шешімін қарастырып, халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуін, әлеуметтің әлеуетін арттыру аясында «Nur Otan» партиясы халықпен тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыс етуді мақсат еткенін кандидаттар қала тұрғындарымен кездесу барысында айтып өтті.

Сайлаушылар да өз тараптарынан кандидаттарға сауал жолдады. Қала жастары үшін жұмыс орындарының көптеп ашылса деген ойларын білдірді. Кандидаттар өз кезегінде бұл сауалды назарда ұстайтындарын жеткізді.  Кездесу барысында кандидаттар әрбір мекеме ұжымына  елдің ертең үшін игі атқарып жатқан «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін саяси науқанға белсенді түрде қатысуға үгіттеді.



(Материал ақысы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының «Nur Otan» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x