Шымкент. «Nur Otan» партиясы «Жастар – Отанға» жобасы жалғастырады

Dalanews 25 желт. 2020 12:19 157

Шымкент – жастар қаласы. Ал жастар – ел болашағы. Қалада 264 мыңнан астам жастар бар. Яғни, қала халқының 26%-ын құрап отыр. Осыған орай «Nur Otan» партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсете отырып, «Жастар – Отанға» жобасын жүзеге асыруды жалғастырмақ.

Осы және басқа да жобалар мен жастар үшін жасалатын ауқымды жұмыстарды насихаттау мақсатында «Nur Otan» партиясының үміткер Гулям Шунгараева қала жастарымен кездесті.

Жиынға қатысушы белсенді жастар өздерінің ұсыныс, тілектерімен бөлісе отырып толғандырған мәселелерін де қозғады. Бұдан басқа «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы бойынша жан-жақты түсіндіру  жүргізілді.

Жиында жастарды сапалы білім алу, жұмыссыздық, баспана, талантты жастарды ынталандыру мәселелері толғандыратыны белгілі болды. Өз кезегінде Гулям Шунгараева Аталған талап-тілектердің барлығы партияның жұмыс жоспарына енгізіліп, кезең-кезеңімен оң шешімін табатынын айтты.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясы 2019-2021 жылдары өз ісін бастаймын деген жастарға жыл сайын «Бастау бизнес» және «Жас кәсіпкер» бағдарламалары бойынша 4 500 жасты оқытып, кемінде 2 000 жобаға 200 АЕК көлемінде грант бөлуін қамтамасыз етуде.


Бұдан басқа «Бизнестің жол картасы» шеңберінде жыл сайын кемінде 100 жас кәсіпкерге жеңілдетілген несие алуға жағдай жасайды. Сондай-ақ, көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық, кәсіптік кеңес беру институты іске асырылады. Мұның бәрі атқарылатын жұмыстың бір бөлігі ғана.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың ынтымағы, еліміздің гүлденуі мен әрбір қазақстандықтың әл-ауқаты үшін жұмысын жалғастыратын болады.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз. «Nur Otan» нақты істер партиясы!

(Материал ақысы Шымкент қаласы «Nur Otan» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді).

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x