Nur Otan партиясының жоспары бойынша Түркістан облысында 14 медициналық нысан салынады

Dalanews 25 желт. 2020 10:46 180

«Nur Otan» партиясының атынан Түркістан облыстық маслихатының депутаттығына үміткер Бекарыс Шойбеков пен Олжас Алмасұлы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Түркістан қаласындағы құрылыс алаңына барып, жұмысшылармен кездесті. «Түркістан құрылыс» ЖШС-не бас сұққан нұротандықтар құрылысшыларға партияның бүгінге дейін атқарған жұмысымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

– «Nur Otan» халықтық партия екенін әркез дәлелдеп келе жатыр. Әсіресе, елдің басына қиындық туғанда алғашқылардың бірі болып, халықтың жанынан табылып жүрген де осы партия екенін сіз бен біз көріп жүрміз. Сондай-ақ Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы басшылық етіп отырған саяси ұйым елдің дамуына да ерекше атсалысып келеді. Оны алысқа бармай-ақ қаламыздың күн санап көркейіп келе жатқанынан оңай аңғаруға болады. Бүгінгі сіздердің сарп етіп жүрген еңбектеріңізді осы бастамаларға деген қолдауларыңыз деп түсінеміз. Алдағы уақытта да халықтық партиямен бірге болып, алдағы сайлауда «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырамын, – деді айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков.

Сондай-ақ депутаттықтан үміткер азаматтар партияның Түркістан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасымен де бөлісті. Қазірдің өзінде Түркістанда әлемдік талапқа сай ғимараттар салынып жатыр. Партияның 5 жылдық жоспарына сәйкес облыста 14 жаңа медициналық нысан салынады. Соның үшеуі Түркістан қаласына тиесілі. Олардың қатарында 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы, 630 орындық көпсалалы облыстық медициналық орталығы мен 300 адамға арналған стоматологиялық емхана бар. Одан бөлек, облыс орталығын толық көгілдір отырмен қамтылатын болады.



«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысы Сайлау қорының есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x