Даниал Ахметов Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті

Dalanews 24 желт. 2020 16:08 226

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» төсбелгісін табыс етті.

– Бүгін қуанышты, әрі тарихи күн. Жаңа жыл қарсаңында жерлесіміз, Қазақстанның халық әртісі Роза Қуанышқызы Рымбаеваға «ШҚО Құрметті азаматы» атағын жеке тапсырудамын. Мен үшін бұл зор құрмет. Біз әрдайым жерлестеріміздің жеңісі үшін қуанып, қолдап жүреміз, –деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

Кездесу барысында эстрада әншісі жақында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай қорытынды концерт өткізді. Әнші, Семей қаласында мерейтой аясында атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалап, ұлы ақын – Абайдың қазақ үшін алар орны зор екенін ерекше атап өтті.

– Жыл сайын өзімнің гастрольдік сапарымды Шығыс Қазақстаннан бастауға тырысамын. Себебі, туған өлкемнен ерекше шабыт, күш-қуат аламын. Халқыма жүрекпен ән шырқап, бір толқында өнер көрсетемін. Бүгінгі марапат үшін халқыма зор алғысымды білдіремін, – деді Роза Қуанышқызы.

Қазақстанның халық әртісі Өскеменде жаңартылған «ERTIS CONCERT» ғимаратында болды. Бүгінде жоғары талаптарға  сай өзгерген, әншінің өзі талай рет өнер көрсеткен зал Роза Рымбаеваның айтуынша кемде-кем.



Сондай-ақ, Роза Рымбаева алдағы жылы ерекше бағдарламамен келіп, облыс тұрғындарына жеке концерт қоятынын жеткізді. Жоспар бойынша, кеш ШҚО симфониялық және халық аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x