Back
| DalaNews

Nur Otan – халық мүддесін көздеген партия!

Сонғы жылдары әлемде көп өзгерістер мен толқыныстар орын алды. Төрткүл дүниені қыспаққа алған пандемия да елімізге оңайға соққан жоқ. Әйтсе де, «Nur Otan» партиясы жұмыс орнын сақтау, халықтың осал топтарға көмек көрсету сияқты маңызды жұмыстарды қолға алып, халықтың қыспақтан алып шығу жолдарын ұйымдастырғаны белгілі.  

Бұл ретте медецина қызметкерлері мен педагогтар жұмыстарының режимі өзгеруіне қарамастан батыл қадам жасағанын байқадық. Бұл нені көрсетеді? Тәуелсіздігіне енді ғана 30 жыл толған жас мемлекетіміздің әлеуетін көрсететіні анық.

Сан ғасырлық тарихы бар ежелгі Еуропа елдерінің өзі бұл індет алдында дәрменсіздігін танытты. Ал, Қазақстан дұрыс ұйымдасытырлған жұмыстың арқасында адам шығынын азайтып, азаматтарының денсаулығын қорғай білді.

Әрі, Covid-пен күресе жүріп, жігерімізді шыңдадық, бірлігімізді таныттық.  Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білдік. Бұл бірлік – біз үшін алтынға пара-пар! Алдағы саяси науқанда да сол бірліктен жаңылмасақ екен деп тілеймін!

Тұтастай мемлекетіміздің алдағы бес жылда дамуы – «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарымен тұспа-тұс келіп отырғаны да тегін емес. Біздің партия – халық мүддесін көздеген партия! Партиямыздың бес жылдық бағдарламасында дамудың тенденциясын тоқтатпай халқымыздың өмір сүру деңгейін жақсартуды көздейді.

«Nur Otan» партиясы еліміздің ертеңі үшін үлкен өзгерістерге қадам жасағалы тұр. Мәңгілік ел болу үшін, әлем аренасында Қазақстанның қасқайып тұруына еліміздің біртұтастығы қажет. Сондықтан бізбен бірге болып, «Nur Otan» партиясына дауыс берулеріңізді сұраймын!

Серікжан Жексембиев, «Бакыт-Каратал» ЖШС жетекшісі

(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Алматы облысы Қаратал ауданының Сайлау қорының есебінен төленді)

Тағы оқыңыз:

Мақпал Тәжмағамбетова: «Ел азаматтарының сайлауға бір кісідей қатысуы маңызды»